Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
12-бап. Материалдық зиян жасалғанын анықтау



Ст. 12 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



1. Уәкiлеттi орган шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты кезiнде отандық өндiрушiлерге материалдық зиян жасалғанын және шет мемлекет / шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты мен ол келтiрген материалдық зиянның немесе оның қаупi арасында себеп-салдар байланысы болуын анықтайды.

2. Уәкiлеттi орган шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортымен қоса нақ сол кезеңде отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiретiн басқа да белгiлi факторларды зерделейдi, бiрақ бұл материалдық зиян шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортына телiнбеуге тиiс. Бұл факторлар, атап айтқанда, шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидияламаған тауар импортының көлемi мен бағасын, сұранымның азаюын немесе тұтыну құрылымындағы өзгерiстердi, шетелдiк және отандық өндiрушiлер арасындағы шектейтiн сауда практикасы мен бәсекенi, технологиялық жетiстiктердi, сондай-ақ экспорт нәтижелерi мен отандық өндiрушiлердiң өнiмдiлiгiн қамтиды.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы