Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
13-бап. Материалдық зиян келтiру қаупiн анықтау



Ст. 13 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортынан отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiрiлу қаупiн уәкiлеттi орган мынадай көрсеткiштерге: 1) субсидияның сипатына және оның саудаға жасайтын ықпалына; 2) шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының Қазақстан Республикасының рыногындағы өсу қарқынына; 3) өнiм берушiде шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар өндiрiсi мен экспортының оны Қазақстан Республикасының рыногына берудiң көбею мүмкiндiгiн көрсететiн резервтердiң болуына талдау жасауға негiздеуге тиiс. Бұл орайда кез-келген қосымша экспортты iске асыру үшiн басқа экспорт рыноктарының мүмкiндiктерi ескерiледi; 4) iшкi рыноктың бағасын төмендетуге ықпал етуiне және қосымша өнiм беруге сұранымның артуына қол жеткiзуi мүмкiн бағамен шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортына; 5) iстi қарау жүргiзiлiп жатқан өнiм берушi елiндегi тауар қорларының көлемiне талдау жасауға негiздеуге тиiс.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы