Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
16-бап. Субсидияның болуы және ол келтiретiн материалдық зиян немесе оны келтiру қаупi туралы арыз



Ст. 16 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



1. Субсидияның болуы және оның келтiрген материалдық зиянды немесе оны келтiру қаупi туралы арызды отандық өндiрушiлер немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы уәкiлеттi органға жазбаша түрде бередi. 2. Егер уәкiлеттi орган арызда келтiрiлген мәлiметтердi жеткiлiктi деп танып, ол жөнiнде арыз берушiге жазбаша түрде хабарласа, арыз қабылданған болып есептеледi. Егер уәкiлеттi орган мәлiметтердi жеткiлiксiз деп тапса, бұл жөнiнде ол арыз берушiге арыз алынған кезден бастан он күн мерзiмде хабарлауға және оның өз арызын өзгертуiне немесе толықтыруына мүмкiндiк беруге тиiс. Арыз берушi өз арызын өзгерткен немесе толықтырған жағдайда арызды қарау мерзiмi толықтырулар немесе өзгерiстер алынған күннен басталады. 3. Арызда мынадай мәлiметтер болуға тиiс: 1) арыз берушiнiң, арыз берушiлердiң атауы (бұдан әрi - арыз берушi), арыз берушiнiң тауар өндiруi туралы деректерi (көлемi және бағасы), сондай-ақ арыз берушiге белгiлi отандық өндiрушiлердiң сондай тауарды өндiруi туралы деректер; 2) шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауардың сипаттамасы, өнiм берушi немесе өнiм шығарылған елдiң атауы, сол тауарды белгiлi берушiлер, импорттаушылар туралы мәлiметтер; 3) субсидиялардың болуын, мөлшерiн, сипатын және ерекшелiгiн растайтын дәлелдемелер; 4) шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар беру көлемiнiң серпiндiлiгiн қоса алғанда, материалдық зиян келтiрiлуiнiң немесе келтiру қаупiнiң айғақтары, оның сондай тауардың iшкi рыноктағы бағасына ықпалы және осындай тауар берудiң келеңсiз зардаптары. 4. Отандық өндiрушiлердiң арызы бойынша iстi қарау рәсiмiнiң басталуы үшiн уәкiлеттi органның бұл арызда өз пiкiрiн бiлдiрушiлердiң үлесiне отандық өндiрушiлердiң тауар өндiру көлемiнiң елу процентiнен астамы келетiнiн анықтауы мiндеттi шарт болып табылады. Бұл пiкiрлер "жақтайтын", "қарсы" пiкiрлер болуы, сондай-ақ өзiнiң айқын көзқарасын бiлдiрмеуi мүмкiн. Бұл орайда отандық өндiрушiлер өндiрген тауардың үлесiне отандық өндiрушiлер өндiрген барлық осындай тауарлардың жиырма бес процентiнен астамы келедi.

Статья 1 ...14 15 16 17 17-1 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы