Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
17-1-бап. Консультациялар жүргiзу



Ст. 17-1 Субсидиялар және өтем шаралары туралы




1. Уәкiлеттi орган арызды қабылдағаннан кейiн және iстi қарау басталғанға дейiн тауарлары iстi қараудың нысанасы болуы мүмкiн шет мемлекеттерге (шет мемлекеттер одағына) осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетiлген мәселелер бойынша жағдайды нақтылау және келiсiлген шешiмге қол жеткiзу үшiн онымен консультациялар жүргiзу туралы ұсынысты жiбередi. 2. Iстi қараудың барлық кезеңi iшiнде тауарлары iстi қараудың нысанасы болып табылатын шет мемлекеттерге (шет мемлекеттер одағына) iс жүзiндегi мән-жайларды нақтылау және келiсiлген шешiмге қол жеткiзу үшiн уәкiлеттi органмен консультацияларды жалғастыруға мүмкiндiк берiледi. 3. Консультацияларды жүргiзу iстi қараудың басталуына, қорытындылар шығаруға, осы Заңға сәйкес уақытша немесе түпкiлiктi өтем шараларын қолдануға кедергi жасамауға тиiс. 4. Уәкiлеттi орган тауарлары iстi қараудың нысанасы болып табылатын шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер одағының) өтiнiшi бойынша iстi қарауды бастау немесе жүргiзу үшiн пайдаланылатын құпия емес ақпаратқа қол жеткiзуге рұқсат бередi.

Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.


Статья 1 ...16 17 17-1 18 19 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Субсидиялар және өтем шаралары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-1-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы