Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
22-бап. Ақпаратты тексеру және iстi қарау мерзiмдерi



Ст. 22 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



1. Мүдделi адамдар табыс еткен және iстi қарау нәтижелерi бойынша тұжырымдар негiзделетiн ақпараттың анықтығы тексерiлуге тиiс.

2. Ақпараттың анықтығын тексеру немесе қосымша деректер алу мақсатымен, тиiстi өнiм берушiлермен келiсе отырып және олардың елдерi ресми органдарының қарсылықтары болмаған жағдайда уәкiлеттi орган iстi қарауды сол елдердiң аумағында өткiзедi.

3. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты жөнiндегi ақпарат тексерiлетiн кезең белгiлi бiр кәсiпорынның қаржы есебiнiң соңғы жылы не, егер бұл мүмкiн болмаса, iстi қарауға қатысы бар анық қаржылық және басқа деректер болған iстi қарау басталғанға дейiнгi алты ай болып табылады.

4. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импорты жөнiндегi iстi қарау мерзiмi оның рәсiмi басталған кезден алты айдан аспауға тиiс.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...41 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Субсидиялар және өтем шаралары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы