Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
24-бап. Субсидия мен материалдық зиянның болуын алдын ала анықтау



Ст. 24 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



1. Iстi қарау барысында алынған нақты деректер негiзiнде уәкiлеттi орган ерекше субсидиялардың және отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болуы немесе олардың болмауы, сондай-ақ iстi қарауды жалғастыру немесе тоқтату туралы алдын ала қорытынды шығарады.

2. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының және материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы алдын ала қорытынды шығарғаннан кейiн уәкiлеттi орган барлық мүдделi тұлғаларға және олардың елдерiнiң ресми органдарына уақытша өтеу шараларын енгiзу ниетi туралы хабарлама жiбередi. Iстi қарауға тартылған мүдделi тұлғалар хабарлама жiберiлгеннен кейiн он күн iшiнде уақытша өтеу шараларын қолданудың негiздемесi жөнiнде жазбаша ескертпелер беруге құқылы, оларды уәкiлеттi орган назарға алады немесе iстi қарауды өткiзу кезiнде қабылдамай тастайды.

3. Уәкiлеттi орган iстi қарау жүргiзiлiп жатқан тауардың тұтынушыларына, мұндай тауар бөлшек саудада көп болған жағдайда, iстi қарауға жататын және субсидиялауға, материалдық зиян мен олардың арасындағы себеп-салдар байланысына қатысты ақпарат беру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы