Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
25-бап. Уақытша өтем шараларын енгiзу



Ст. 25 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



1. Шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының болуы және оның материалдық залал келтiруi немесе оны келтiру қаупi туралы уәкiлеттi орган шығарған алдын ала қорытынды негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уақытша өтем шараларын енгiзу туралы шешiм қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасы банкiнiң ақша депозиттерi және (немесе) кепiлдiгi нысанындағы уақытша өтем шаралары өнiм берушiге iс қарала басталған кезден бастап екi айдан ерте қолданылмайды.

3. Уақытша өтем шараларын қолдану төрт айдан аспауға тиiс.

4. Уақытша өтем шараларын Қазақстан Республикасының кеден органдары өз аумағына еркiн айналысқа шығарылған шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар берушiлерге олар ресми жарияланғаннан соң он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданады. Кепiлдi ақша депозиттерi түрiнде өндiрiп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейдi.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы