Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
30-бап. Баға бойынша мiндеттемелердiң қолданылуы



Ст. 30 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



1. Уәкiлеттi органның өнiм берушi баға бойынша қабылданған мiндеттеменi адал орындаған жағдайда iстiң қаралуын тоқтатуға құқығы бар.

2. Уәкiлеттi орган баға бойынша мiндеттемелер қабылданғаннан кейiн шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортына байланысты iстiң қаралуын өзiне баға бойынша мiндеттеме қабылдаған өнiм берушi талап еткен жағдайда немесе өз бастамасы бойынша ерекше субсидия мен материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болуын анықтау үшiн одан әрi жалғастырады.

3. Материалдық залал немесе оның қаупiнiң болмауы баға бойынша қабылданған мiндеттеменiң салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, ерекше субсидияның немесе материалдық зиянның болмау фактiсi анықталса, уәкiлеттi орган баға бойынша мiндеттеменiң күшiн жояды.

4. Баға бойынша мiндеттеме ерекше субсидиядан болатын материалдық зиянға қарсы iс-қимылға қажеттi уақыт iшiнде және мөлшерде күшiнде қалуға тиiс. 7-тарау. Өтем бажын салу және оны өндiрiп алу

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы