Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
31-бап. Өтем бажын белгiлеу және оның мөлшерiн анықтау



Ст. 31 Субсидиялар және өтем шаралары туралы



1. Егер уәкiлеттi орган ерекше субсидиялардың және соларға байланысты отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянның немесе оны келтiру қаупiнiң болу фактiсiн анықтаса және бұл орайда субсидиялар қайтарып алынбаса, онда өтем бажын енгiзу туралы мәселе қаралады.

2. Өтем бажын енгiзу үшiн барлық талаптар орындалған жағдайда оны енгiзудiң дұрыстығы туралы шешiмдi уәкiлеттi орган шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауарларды пайдаланатын, мүдделерiне өтем бажын енгiзу жайсыз әсер етуi мүмкiн жергiлiктi мүдделi тұлғалардың пiкiрiн ескере отырып қабылдауға тиiс.

3. Өтем бажының мөлшерi ерекше субсидиялардың осы Заңға сәйкес анықталатын мөлшерiнен аспауға тиiс, бiрақ ол отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянды немесе оны келтiру қаупiн жою үшiн жеткiлiктi болса, бұл субсидиялардың жалпы мөлшерiнен азырақ болуы мүмкiн.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы