Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Субсидиялар және өтем шаралары туралы


Утратил силу

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
7-бап. Ерекше субсидияның анықтамасы

1. Егер шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер одағының) субсидиясын берудiң объективтi өлшемдерi мен талаптары нақты кәсiпорынды немесе экономика саласын көрсетпей белгiленсе, ол ерекше субсидия деп қарастырылмайды.

Егер: 1) субсидиялаушы орган немесе субсидиялаушы орган негiзге ала отырып, жұмыс iстейтiн заңдар, кәсiпорындардың шектеулi санынан басқа, өзге барлық тұлғалардың субсидия алуына шек қойса; 2) субсидиялар беру нақты аймақта орналасқан кәсiпорындардың шектеулi санымен байланысты болса; 3) субсидиялар бiрнеше шарттардың бiрден-бiрi немесе бiреуi ретiнде экспорт нәтижелерiмен немесе импорттық тауарлардың орнына жергiлiктi тауарларды пайдаланумен байланысты болса, субсидия ерекше болып табылады және оны беру өтеу шараларын қолдануға әкеп соғады. 2. Егер оны беру отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiрсе немесе келтiретiндей қауiп төндiрсе және оны берудiң шарттары мен нысаны мынадай факторларға: 1) субсидияларды кәсiпорындардың шектеулi санының басымдықпен пайдалануына; 2) кәсiпорындардың шектеулi санына берiлген субсидиялар мөлшерiнiң орынсыз үлкен болуына; 3) субсидиялардың пайдаланылу бағыттарына; 4) субсидияландырудан бас тарту немесе оған өтiнiмдi қанағаттандыру жиiлiгi және шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер одағының) үкiметтiк органдарының тиiстi шешiмдерiнiң дәлелдерiне; 5) мемлекеттiк субсидияландыру бағдарламаларын пайдаланатын кәсiпорындар санына; 6) субсидиялар беру кезiнде кәсiпорындардың экономикалық қызметi диверсификациялау дәрежесiне сәйкес келсе, ерекше емес субсидия өтеледi. 3. Уәкiлеттi орган жүргiзген iстi қарау нәтижесiнде өндiрген және (немесе) экспортқа шығарған кезде шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер одағының) ерекше субсидиясы пайдаланылған әлдеқандай тауарды импорттау отандық өндiрушiлерге материалдық зиян келтiретiнi немесе зиян келтiру қаупiн туғызатыны анықталса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтем шараларын қолдануға құқығы бар. 4. Егер ерекше субсидия тауар құнының бiр процентiнен кем болса, оның мөлшерi болмашы деп қарастырылады. 5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасына экспорттың шыққан елiнен емес, аралық елден импортталса, осы Заңның нормалары толық қолданылады және мәмiлелер (мәмiле) оның шыққан елi мен Қазақстан Республикасының арасында жасалған мәмiлелер сияқты қарастырылады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...41

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться