Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
9-бап. Материалдық зиян келтiрiлуiн анықтау



Ст. 9 Субсидиялар және өтем шаралары туралы




1. Материалдық зиян келтiрiлуiн анықтау дәлелдемелерге негiзделедi және шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған импорттық тауар көлемiн, оның Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы ұқсас тауарлар бағасына жасайтын ықпалын және осындай тауар импортының ұқсас тауарларды отандық өндiрушiлерге тигiзетiн салдарын объективтi түрде зерделеудi қамтиды.

2. Егер бiр елден көп елдерден шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған әлдеқандай тауар импорты бiр мезгiлде қаралатын мәселе болса, егер әрбiр елден жасалатын импорт жөнiнде белгiленген өтелуге тиiстi субсидиялардың мөлшерi анықталса және шет мемлекет /шет мемлекеттер одағы/ субсидиялаған тауар импортының көлемi елеулi болып, осы Заңның 7 және 10-баптарында белгiленген деңгейден асып түссе, онда ондай тауар импортының жиынтық ықпалы бағалануға тиiс.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...41 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Субсидиялар және өтем шаралары туралы