Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
16-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру



Ст. 16 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV



1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың, қайта бастаудың, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі, негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензияның қолданысы:

1) ол мемлекеттік қызметте болған;

2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;

3) сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген;

4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.

3. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензияның қолданысын тоқтатуды:

адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;

адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

 адам қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

 қылмыс немесе қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін адамға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына лицензиядан айыру:

1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған;

2) адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;

3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қуынымы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға лицензиядан айыру туралы қуыным арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi.

Сот-сараптама қызметiмен айналысуға лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдардың негізінде лицензиялаушы орган басшысының бұйрығымен тоқтатыла тұрады, қайта жалғастырылады және тоқтатылады.

Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған жеке тұлға қабылданған шешім туралы үш тәулік ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

 Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV