Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
18-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері

Ст. 18 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Сот сараптамасы органының басшысы: 

1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін алған кезде заң талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты бір сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына жүргізуді тапсыруға; 

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуын, жүргізілетін зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығын, объективтілігі мен ғылыми негізділігін бақылауды, сондай-ақ сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге; 

3) зерттеулер аяқталғаннан кейін сарапшының қорытындысын, зерттеу объектілерін және зерттеуге ұсынылған басқа да материалдарды сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жолдауға; 

4) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге; 

5) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...64

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ