Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
22-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері



Ст. 22 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV



Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін алған кезде, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына заң талаптарын ескере отырып іс жүргізуді тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;

3) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;

4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. 
3-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV