Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
27-бап. Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережелері



Ст. 27 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV



1. Сот сараптамасының объектілері, егер олардың көлемдері мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Басқа жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сарапшысын зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

2. Зерттеулер жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер және құжаттар сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді қаулыда, ұйғарымда қамтылуға тиіс.

3. Сот сараптамасы объектiлерiмен жұмыс істеу қағидаларын Әділет министрлігі белгiлейдi.

 Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV