Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
33-бап. Үлгілер

Ст. 33 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Үлгілерді алу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және осы Заңда белгіленген. 

2. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылған жағдайларда, оны сот сарапшысы жүргізуі мүмкін. 

3. Зерттеу процесінде сот сарапшысы эксперименттік үлгілерді дайындауы мүмкін, ол туралы қорытындыда хабарланады. Сот сараптамасын тағайындаған адам осындай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, бұл оның өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.
Зерттеу жүргiзгеннен кейiн сот сарапшысы үлгiлердi оралған және мөрленген түрде өзiнiң қорытындысына қоса береді.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...64

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ