Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
35-бап. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезіндегі еріктілік және мәжбүрлеу



Ст. 35 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV



1. Тірі адамдарға сот сараптамасы ерікті түрде немесе мәжбүрлеу түрінде жүргізілуі мүмкін.

2. Егер сот сараптамасы ерікті түрде жүргізілсе, сот сараптамасы органына адамның сот-сараптамалық зерттеулерге тартылуға жазбаша келісімі ұсынылуға тиіс.

3. Егер сот сараптамасы тағайындалған адам кәмелетке толмаса немесе оны сот әрекетке қабілетсіз деп таныса, оның заңды өкілі немесе қорғаншылық және қамқоршылық органы осы адамға қатысты сот сараптамасын жүргізуге жазбаша келісім береді.

4. Тiрi адамдарға мәжбүрлеу түрiнде сот сараптамасын жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана жол берiледi.

 Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 35-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV