Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
38-бап. Сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі



Ст. 38 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV



1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:

1) іс бойынша мәліметтер алу мақсатында олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның ішінде алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеулердің әдістерін қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы жүргізілетін адамды, баламалы әдістерді қоса алғанда, қолданылатын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері туралы, болуы мүмкін ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы оған түсінікті түрде хабардар етуге тиіс. Аталған хабарлама сот сараптамасы жүргізілетін адамның тиісті өтінішті мәлімдеген заңды өкіліне де беріледі.

3. Сот сараптамасы жүргізілетін адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.

4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтініштер жасауға мүмкіндік беріледі. Заңда көзделген тәртіппен берілген шағымдар және өтініштер жиырма төрт сағаттың ішінде жолданым иесіне жіберіледі және цензураға жатпайды.

5. Адамға қатысты ерікті түрде жүргізілетін сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV