Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
39-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны

Ст. 39 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi мен орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер; сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн жауаптылық туралы ескертiлгенін сот сарапшысының (сот сарапшыларының) қойылған қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сот сарапшыларының) алдына қойылған мәселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезiнде сол жерде болған процеске қатысушылар туралы және олар берген түсiндірмелер туралы мәлiметтер; зерттеу объектілері, олардың жай-күйі, орамасы, мөрмен бекемделуі, куәгерлердің қатысуы кезінде олардың қойылған қолдарымен растау; қолданылған әдiстемелерді көрсетумен зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сот сарапшысының (сот сарапшыларының) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндердің негiздемесi және тұжырымы көрсетілуге тиіс. 

2. Егер осы Заңның 40-бабында көрсетілген мән-жайлар зерттеу барысында анықталған болса, сарапшының қорытындысында қойылған барлық сұрақтарға немесе олардың кейбіреуіне жауап қайтару мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс. 

3. Егер сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген мәселелердің бірі бойынша сот сарапшысы қорытынды берсе, ал басқалары бойынша қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарламаны жасау үшін негіздемелер бар болса, ол бірыңғай құжат – сарапшының қорытындысын жасайды.

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...64

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ