Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
41-бап. Сот сарапшысынан жауап алу

Ст. 41 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Сот сарапшысынан жауап алу: 

1) сарапшының қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеулерді талап етпейтін мәселелерді анықтау; 

2) сот сарапшысы қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау; 

3) сарапшы қорытындысының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу; 

4) сот сарапшысының біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 

2. Сот сарапшысынан ол қорытынды бергенге дейін жауап алуға тыйым салынады. 

3. Сот сарапшысынан тірі адамдарға сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себебі бойынша жауап алуға болмайды.
Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...64

Перейти к статье






Добавить комментарий к 41-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ