Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
46-бап. Адамды сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастырудың негіздері мен тәртібі

Ст. 46 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Егер адамға сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, онда ол сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының, ұйғарымның негізінде тиісті медициналық ұйымға орналастырылады. 

2. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға тек сот шешімі бойынша ғана жол беріледі. 

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның орналасқан жері туралы оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірін, басқа да туыстарын немесе жақын адамдарын, ал олар болмаған кезде аталған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...64

Перейти к статье






Добавить комментарий к 46-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ