Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
50-1-бап. Өтпелі ережелер



Ст. 50-1 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV




 1. 2016 жылғы 1 шілдеге дейін:

1) осы Заңның 13-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2. Біліктілік емтихандарын қабылдауды және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.»;

2) осы Заңның 14-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кәсіптік даярлығы деңгейін айқындау мақсатында олар бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді.»;

2. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап:

1) осы Заңның 13-бабының 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.

4. Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.»;

2) осы Заңның 14-бабының 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.

3. Сот сарапшысын аттестаттауды, оның ішінде кезектен тыс жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.

Ескерту. 8-тарау 50-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...49 50 50-1 51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 50-1-бап Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV