Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы



Ст. 15 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



1. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:

1) сот алқасында сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді;

2) сот алқасының отырыстарында төрағалық етедi;

3) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

4) соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпаратты ұсынады;

5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 2. Сот алқасының төрағасы облыстық сот төрағасына сот алқасында мамандандырылған құрамдар қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

3. Сот алқасының төрағасы уақытша болмаған жағдайда сот төрағасы оның мiндетiн атқаруды алқа судьяларының бiрiне жүктейдi.

Облыстық соттың сот алқасы төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда облыстық соттың төрағасы оның міндеттерін уақытша атқаруды облыстық соттың тиісті сот алқасының судьясына жүктейді.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 16-1 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132