Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
16-бап. Облыстық соттың жалпы отырысы



Ст. 16 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:  

1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;  

2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен); 

3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;  

4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;  

5) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi; 

6) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды; 

7) аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады; 

8) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi; 

9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;  

9-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 

9-2) облыстық соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді; 

10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;  

2. Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.  

3. Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады.

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

Статья 1 ...14 15 16 16-1 17 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132