Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
22-1-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы



Ст. 22-1 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



 1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасы:

1) соттардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарында қарау үшін оларды дайындауды қамтамасыз етеді;

1-1) тәртіптік теріс қылық жасаған судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады;

2) осы Конституциялық заңда Жоғарғы Соттың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған, соттардың қызметін ұйымдастыруға қатысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының құрамы он бір мүшеден – Жоғарғы Соттың Төрағасынан және сот алқаларының төрағаларынан, Судьялар одағының төрағасынан, Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасынан, Сот жюриінің төрағасынан, Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасынан, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге жіберетін үш судьядан тұрады.

3. Жоғарғы Соттың жалпы отырысының төралқасын Жоғарғы Соттың Төрағасы шақырады және ол өз мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде құқықты болады.

4. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының жұмысын ұйымдастыру Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітетін регламентпен айқындалады.

 Ескерту. 3-тарау 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен. 
3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI 1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Статья 1 ...21 22 22-1 23 23-1 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-1-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132