Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы



Ст. 22 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:  

1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;  

2) сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды; 

3) нормативтiк қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот судьялары санының кемінде үштен екі даусымен және Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кемінде төрттен үш кворумы болған кезде қабылданады; 

3-1) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 245-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 

4) Жоғарғы Соттың сот алқалары, Сот жюриi төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды; 

5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;  

6) облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады; 

6-1) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне бекітуге енгізуі үшін Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссия төрағасының және комиссия мүшелерінің кандидатураларын қарайды; 

6-2) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру үшін кандидатуралар тізімін бекітеді; 

 7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыстың хатшысын, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестердiң құрамдарын бекiтедi, сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриiн сайлайды; 

7-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 

7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді; 

7-3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының регламентін бекітеді; 

 7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер туралы ережелерді бекітеді; 

8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.  

2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.  

3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртiбi өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi.

Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

Статья 1 ...20 21 22 22-1 23 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132