Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
28-бап. Судьяға қойылатын талаптар



Ст. 28 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



1. Судья:  

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;  

2) сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;  

3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;  

4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi. 

1-1. Судьялық жұмыста жиырма жылдан астам өтілі бар судьяларды қоспағанда, судьялар әрбір бес жыл сайын Сот жюриінде кәсіби қызметін бағалаудан өтеді. 

2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

Статья 1 ...26 27 28 29 29-1 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132