Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау



Ст. 30-1 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



1. Судьяның кәсіби қызметін бағалау деп оның кәсіби білімінің деңгейін және оны сот төрелігін іске асыру кезінде қолдана білуін, сот қызметінің нәтижелерін, судьяның іскерлік пен адамгершілік қасиеттерін және оның осы Конституциялық заңда және Судья әдебі кодексінде қойылатын талаптарға сай келуін бағалау танылады.

Судьяның кәсіби қызметін бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілікті бағалау және оның өсуін ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауаптылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі.

Судьяның кәсіби қызметін бағалау судья лауазымындағы жұмысының бір жылдағы нәтижелері бойынша бірінші рет жүргізіледі. Кейіннен судьяның кәсіби қызметін бағалау әрбір бес жыл сайын, сондай-ақ жоғары тұрған сатыдағы судья лауазымына, сот төрағасының, сот алқасы төрағасының лауазымына конкурсқа қатысу кезінде жүргізіледі.

Жиырма және одан көп жыл судьялық өтілі бар судьялар кәсіби қызметті мерзімді бағалаудан босатылады.

2. Судья жұмысының нәтижелері бір жыл мерзім өткеннен кейін Сот жюриінің біліктілік комиссиясының отырысында қаралады және Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің бекітуіне енгізіледі.

Судья жұмысының нәтижелері мынадай өлшемшарттардың негізінде қаралады:

1) сот төрелігін іске асыру сапасының көрсеткіштері;

2) судья әдебінің нормалары мен еңбек тәртібін сақтау.

3. Судьяның кәсіби қызметін бағалауды Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жүзеге асырады.

 Ескерту. 3-бөлім 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.12.2015 № 437-V Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...29-1 30 30-1 31 32 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-1-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132