Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері

1. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады: 

1) атқаратын лауазымына сай деп тану; 

2) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне алуға ұсыным жасау; 

4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы; 

5) кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану; 

6) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімі ұсынымдық сипатта болады. 

2. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады. 

Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті мерзімді бағалау нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады. 

3. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отставкаға құқықты растау туралы өтініш бойынша материалды, сондай-ақ отставканы тоқтату туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады: 

1) отставкаға құқықты растау туралы; 

2) отставкаға құқықты растаудан бас тарту туралы; 

3) судьяның отставкасын тоқтату туралы; 

4) судьяның отставкасын тоқтатудан бас тарту туралы. 

Ескертпе!

ҚР Конституциялық Соты 44-баптың 4-тармағының конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.

4. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін. 

5. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шығарған шешімнің күшін жояды. Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімінің күшін жоюы Жоғары Сот Кеңесінің не Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы бапта көзделген өзгеше шешім қабылдауына негіз болып табылады. 

Жоғары Сот Кеңесінің осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешімді қабылдауы Жоғары Сот Кеңесінің судьяны басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы мәселені қарауына негіз болып табылады. 

Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...42 43 44 44‑1 45 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться