Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету

Ст. 47 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету оның мәртебесiне сай болуға және сот төрелiгiн толық әрi тәуелсіз жүзеге асыру мүмкiндiгін қамтамасыз етуге тиiс және оны азайтуға болмайды.  

2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеу судьяның мәртебесi, оны тағайындау және сайлау тәртiбi, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функциялар ескеріле отырып, Конституцияның 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес айқындалады. 

3. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі болған жағдайда оған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі. 

Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2017 № 75-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 47-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132