Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету



Ст. 51 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.

2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Судья үнемі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін. 

3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды. 

4. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде оған өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жайды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендіру құқығы беріледі.

 Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңдарымен.

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 51-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132