Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
56-бап. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету



Ст. 56 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



 1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсынуды Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

 2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган және уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері құрайды. 

 3. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады. 

 4. Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді. 

 5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...55 55-1 56 57 58 59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 56-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132