Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
6-бап. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды құру



Ст. 6 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132



1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi – аудандық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады.

Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін.

2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынуы негiзiнде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Сот Төрағасы белгiлейдi.

 Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132