Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сот приставтары туралы
10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары



Ст. 10 Сот приставтары туралы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150



1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Алынып тасталды - ҚР 2007.05.07 № 244 Заңымен.

3. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде не қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының салдарынан қызметтен босағаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне соңғы атқарған қызметi бойынша жалақысының он еселенген жылдық мөлшерi көлемiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

4. Сот приставына қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты, жаралану (контузия), мертiгу, сырқат салдарынан болған мүгедектiктi белгiлеу кезiнде оған мынадай мөлшерде бiржолғы өтемақылар:

1) бiрiншi топтағы мүгедекке - бес жылдық жалақысы;

2) екiншi топтағы мүгедекке - үш жылдық жалақысы;

3) үшiншi топтағы мүгедекке - жылдық жалақысы төленедi.

5. Сот приставы қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде мүгедектiкке әкелiп соқпаған ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда - оған үш айлық жалақысы, жеңiл зақым жағдайында айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төленедi. Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді.

6. Егер сот приставының қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертiгуi) қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес жағдаяттарда болғаны белгiленген тәртiп бойынша дәлелденсе, осы бапта көзделген біржолғы өтемақы төленбейдi.

7. Қаза тапқан адамның отбасына және оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуына байланысты заңдарда белгiленген тәртiп бойынша зейнетақы тағайындалады.

8. Қайтыс болған немесе қаза тапқан сот приставын жерлеу үшiн төлем тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген мөлшерде берiледi.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...9 9-1 10 11 12 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сот приставтары туралы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Сот приставтары туралы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150