Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы
10-1-бап. Дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру



Ст. 10-1 Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы



1. Дiни бiрлестiктiң қызметi:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған;

2) дiни бiрлестiктiң жарғысына (ережесiне) қайшы келетiн iс-әрекеттердi жүзеге асырған жағдайларда соттың шешiмiмен үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.

2. Дiни бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында оның атынан сөйлеуге, жиналыстар, митингiлер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, дiни бiрлестiктiң қызметi салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу жөнiндегi есеп айырысуларды қоспағанда, дiни бiрлестiктiң банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.

3. Егер дiни бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде бұзушылықтар жойылатын болса, дiни бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды.

4. Дiни бiрлестiктiң анықталған бұзушылықты жойғаны жөнiндегi фактiнi дiни бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот белгiлейдi.

Ескерту. 10-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).

Статья 1 ...9 10 10-1 11 12 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-1-бап Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы