Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы

Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы
17-бап. Мемлекеттiң, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың меншiгi болып табылатын мүлiктi пайдалану



Ст. 17 Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы



Дiни бiрлестiктер өздерiне мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар шарттық негiзде берген үйлердi, территорияны және мүлiктi пайдаланады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары ғибадат үйлерi мен мемлекет меншiгiндегi өзге де мүлiктi дiни бiрлестiктердiң меншiгiне немесе тегiн пайдалануға беруге хұқылы. Дiни бiрлестiктердiң өздерiне айналасындағы территориясымен қоса ғибадат үйлерi берiлуiне артықшылық қақысы бар.

Тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын объектiлер мен заттарды дiни бiрлестiктерге беру және олардың мұны пайдалануы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Дiни бiрлестiктердiң аталған объектiлердi ұстау тәртiбi тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiледi. Мемлекет тарихи-мәдени құндылығы бар ғибадат үйлерiн қалпына келтiруге материалдық көмек көрсете алады.

Дiни бiрлестiктер жер иемдену мен пайдалануды заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы