Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы

Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы
4-бап. Мемлекет және дiни бiрлестiктер



Ст. 4 Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы



Дiни бiрлестiктер мемлекеттен бөлiнген. Барлық дiндер мен дiни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Ешбiр дiн немесе дiни бiрлестiктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды. Дiни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды. Мемлекет дiни бiрлестiктердi қаржыландырмайды.

Дiни бiрлестiктер мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының сайлауына қатыспайды. Дiни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылымдарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердiң саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi. Дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық азаматтармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

Дiни бiрлестiктер заң талаптарын және хұқық тәртiбiн сақтауға мiндеттi. Мемлекет дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әртүрлi дiни бiрлестiктер арасында өзара төзiмдiлiк пен құрмет қатынастарын орнықтыруға жәрдемдеседi.

  Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi.

Мемлекетте бiр дiннiң үстемдiгiн орнықтыруға, дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған дiни бiрлестiктi құруға және оның қызметiне тыйым салынады.

Дiни экстремизмдi насихаттауға, сондай-ақ конфессияаралық айырмашылықтарды саяси мақсаттарға пайдалануға бағытталған iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

Мемлекет Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша дiнтану сараптамасын жүргiзуге құқылы.

Дiнтану сараптамасы дiни ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң, дiнтанушылардың, заңгерлердiң және ар-ождан бостандығы құқығы саласындағы басқа да мамандардың қатысуымен жүргiзiледi.

Дiнтану сараптамасын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Ескерту. 4-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2005.02.23. N 33 Заңдарымен, 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).

Статья 1 ...2 3 4 4-1 4-2 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы