Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы
5-бап. Мектептi дiни бiрлестiктерден бөлу және мемлекеттiк бiлiм берудiң рухани сипаты



Ст. 5 Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы



Республикада бiлiм беру мен тәрбиелеудiң мемлекеттiк жүйесi дiни бiрлестiктерден бөлiнген және рухани сипатта болады.

Ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар балаларын өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге қақылы, бiрақ балаларды дiнге баулуға мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi. Баланы дiни тәрбиелеу оның тәндiк, психикалық саулығына және имандылық рухында дамуына залал келтiрмеуге тиiс.

Күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқып жүрген азаматтар әскери қызметiн өтеудi кейiнге қалдыру, мемлекеттiк оқу орындарының оқушылары үшiн белгiленген тәртiппен оқу уақытын еңбек стажына енгiзу жөнiндегi хұқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.

Ескерту. 5-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.05 N 2488 Заң күшi бар жарлығымен, 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).

Статья 1 ...4-1 4-2 5 6 6-1 ...24 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы