Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы

Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы
6-2-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) дiни бiрлестiктермен қарым-қатынастарды реттеу саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi



Ст. 6-2 Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы



Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) дiни бiрлестiктермен қарым-қатынастарды реттеу саласындағы жергiлiктi атқарушы органдары:

1) өңiрдегi дiни жағдайға зерттеу және талдау жүргiзедi;

2) миссионерлердi және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептiк тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзедi;

3) уәкiлеттi органға азаматтардың дiни сенiм бостандығы құқығын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

4) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша өңiрлiк деңгейде ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады.

Ескерту. 6-2-баппен толықтырылды, өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен, 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз). 2 тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДIНИ

БIРЛЕСТIКТЕР

Статья 1 ...6 6-1 6-2 7 8 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-2-бап Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы