Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы

Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы
7-бап. Дiни бiрлестiктер



Ст. 7 Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы



Жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер деп танылады.

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар) дiни мүдделер мен қажеттердi бiрлесiп қанағаттандыру мақсатында құрылған азаматтардың ерiктi құрамалары болып табылады.

Дiни басқармалар (орталықтар) өздерiнiң жарғыларына (ережелерiне) сәйкес өз жарғылары (ережелерi) негiзiнде әрекет ететiн дiни оқу орындарын, ғибадатханалар мен өзге де дiни бiрлестiктердi құруға хұқылы.

Республика шегiнен тысқары басшы орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер, егер бұл орайда Қазақстан Республикасының заңдары бұзылмайтын болса және олардың жарғыларын (ережелерiн) Қазақстан Республикасының Юстиция министрлiгi тiркесе, олардың жарғыларын (ережелерiн) басшылыққа ала алады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.05 N 2489 Заң күшi бар жарлығымен, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен, 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).

Статья 1 ...6-1 6-2 7 8 9 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы