Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 14 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Байланыс туралы
14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару

1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. 

2. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған жағдайда олар шеккен шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, әуедегі, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарлармаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс. 

4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 15‑1 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться