Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Байланыс туралы
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы



Ст. 15 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер:

1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға;

3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға және тәртіпке сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге;

5) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес жасалатын байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасалған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуын қамтамасыз етуге міндетті.

2. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде жұмыс істейтін жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізуге міндетті.

Желіде сәйкестендіру кодтары бірдей бірнеше жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары байқалған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен хабардар етуге міндетті.

3. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.

4. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары "Жедел-iздестiру қызметi туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Заңға сәйкес реттеледі.

5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғыны иеленушінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не қайта бастауға міндетті.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...13 14 15 15-1 16 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567