Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 18 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

Байланыс туралы
18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Егер байланыс қызметі радиожиілік спектрі көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынған диапазондағы радиожиіліктерді пайдалана отырып көрсетілетін болса, радиожиілік ресурсын пайдалану құқығы конкурстық негізде беріледі. Бұл ретте байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі. 

2. Конкурс (немесе аукцион) өткiзу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылдайды.  

Конкурс (немесе аукцион) осындай шешiм қабылданғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде өткiзiледi. 

3. Радиожиiлiктердi пайдалану құқығын конкурстың қорытындысы бойынша алған кезде жеңiмпаз мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде бiржолғы төлемақы енгiзедi. 

4. Конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға, конкурс (немесе аукцион) өткiзу қағидаларына сай келетiн заңды тұлғалар жiберiледi. 

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 17‑1 18 19 20 ...42

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567