Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 2 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Байланыс туралы
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) абонент – байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

2) абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан әрі – қызметтік ақпарат) – байланыс желілерінде қарсы барлау қызметі мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына ғана арналған және мыналарды:

абоненттік нөмірлер және (немесе) пайдаланушылар нөмірлері иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты;

ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты;

биллингтік мәліметтерді (абонент және (немесе) пайдаланушы алған қызметтер туралы мәліметтерді);

техникалық регламент талаптарына сәйкес желідегі абоненттік құрылғының орналасқан жерін;

деректер беру желісіндегі мекенжайды;

деректер беру желісіндегі интернет-ресурстарға өтініш жасау мекенжайын;

интернет-ресурстың сәйкестендіргіштерін;

деректер беру желісінің хаттамаларын қамтитын абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мәліметтер;

3) абоненттік жол - жергілікті телекоммуникация желісінің бір бөлігі болып табылатын және абоненттік құрылғыны осы желінің телекоммуникация құралдарымен жалғайтын байланыс жолы;

4) абоненттік құрылғы - абоненттің көздеген ақпаратын беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

4-1) абоненттік нөмірді көшіру – абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;

4-2) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры – абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорларды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;

4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы – абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және оның ресурстарына қол жеткізуді ұсынатын ұйым;

4-4) ақпараттық қауіпсіздікті куәландырушы орталық – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын шығаратын заңды тұлға;

5) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5-1) антенна-діңгекті құрылысжай – байланыс құралдарын орналастыруға арналған, мұнара немесе діңгек пішіндегі байланыс құрылысжайы;

6) арнаулы пошта байланысы қызметі арналары - арнаулы жөнелтілімдерді жөнелтуге пайдаланылатын пошта желілерінің, арнаулы және фельдъегерлік байланыс бөлімшелерінің жиынтығы;

7) арнаулы жөнелтілімдер – мемлекеттік құпиялар не мемлекеттік органдардың таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыштары (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, жіберілімдер, метиздер;

8) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;

9) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;

10) байланыс - ақпаратты, пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын қабылдау, жинау, өңдеу, жинақтау, беру (тасымалдау), жеткізу, тарату;

11) байланыс арнасы - жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар - телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша — халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;

12) байланыс желісі - байланыс құралдары мен жолдарын қамтитын және телекоммуникацияларға немесе пошта байланысына арналған технологиялық жүйе;

13) байланыс желісін басқару - байланыс желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның ішінде жүктеме ағынын (трафикті) реттеуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;

14) байланыс жолдары - тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары;

14-1) байланыс құрылысжайлары – байланыс құралдарын орналастыру үшін жасалған және (немесе) ыңғайластырылған инженерлік инфрақұрылым объектілері;

15) байланыс қызметтері - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді, пошталық ақша аударымдарын немесе телекоммуникация хабарламаларын қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдау, жеткізу жөніндегі қызмет;

16) байланыс қызметтерін көрсету - байланыс операторларының пайдаланушыларға экономикалық қызмет түрлерінің жалпы өнім жіктеуішінде келтірілген байланыс қызметтерін көрсету болып табылатын қызметі;

17) байланыс қызметтерін пайдаланушы - байланыс қызметтері көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;

18) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

19) байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер - байланыс операторлары, арнаулы, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын жеке коммутациялық жабдықтың иелері, радиожиілік спектрін пайдаланушылар болып табылатын радиоэлектрондық құралдардың иелері;

20) байланыс саласындағы ұлттық ресурстар - радиожиіліктердің, нөмірлеудің және байланыс спутниктері орбиталық позицияларының ресурстары;

21) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
22) биллинг - абоненттерге көрсетілетін қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, сондай-ақ оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

22-2) деректерді біріктіру - ақпаратты өңдеу және оны иесіздендірудің жүргізілуі орын алатын жалпылама түрде беру процесі. Біріктірілген деректерді байланыс операторы есептілікті қалыптастыру, талдау мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін пайдаланады;

23) жалғаудың (қосудың) стандартты нүктесі - үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес бір желіні екіншісіне жалғауға арналған телекоммуникация құралдары;

24) жалғау жолы - телекоммуникациялардың жалғайтын және жалғанатын желілері арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтың бөліктерін қамтитын техникалық құралдар кешені;

25) жалғау қызметі - әрекеттес желілерді пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болатын, байланыс желілерінің арасындағы әрекеттестікті ұйымдастыруда байланыс операторларының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

26) желіаралық жалғаным - телекоммуникациялардың бір желісін екіншісіне жалғау қызметтерін көрсетудің нәтижесі болып табылатын телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі;

26-1) желілік трафик (бұдан әрі – трафик) – белгілі бір уақыт кезеңінде телекоммуникациялар желісі арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;

27) жергілікті телекоммуникация желісі - елді мекеннің аумағында электр байланысын жүзеге асыруға арналған телекоммуникация желісі мен құралдары. Жергілікті телекоммуникация желілері елді мекеннің мәртебесіне қарай қалалық және ауылдық болып бөлінеді;

28) жергілікті телефон жалғанымы құнын уақытпен есепке алу жүйесі (бұдан әрі - жергілікті телефон жалғанымын уақытпен есепке алу) - жергілікті телекоммуникация желісінің қызметтерін пайдаланғаны үшін төлем сомасын есептеуді қамтамасыз ететін жергілікті телефон жалғанымын есепке алу әдістері технологиясының жиынтығы;

29) жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалану үшін берілетін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат;

30) жоғары жиілікті құрылғылар - телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электрмагниттік энергияны өндіруге және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;

30-1) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30-2) интернет-трафик – белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;

30-3) интернет-трафик алмасу нүктесі – Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;

31) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;

32) кодталған байланыс - кодтау құжаттары мен техникасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;

32-1) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
32-2) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі – телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді және байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;

33) қалааралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын жалғайтын байланыс жолы;

34) қалааралық байланыс операторы - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

35) қалааралық және халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

36) қалааралық телефон байланысы - жергілікті телефон жалғанымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;

36-1) қалааралық трафикті өткізу – қалааралық байланыс жолдары арқылы қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;

36-2) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;

36-3) қорғалған байланыс – ақпаратты қорғаудың арнаулы құралдары пайдаланылатын электр байланысының түрі (кодталған байланыс, құпияландырылған байланыс, шифрланған байланыс);

36-4) қосарланған мақсаттағы тіреуіштер – телекоммуникация құралдарын және (немесе) өзге де инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық мақсаттағы құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;

37) құпияландырылған байланыс - құпияландыру аппаратурасын пайдалана отырып қорғалған байланыс;

38) қызметтерге ақы төлеудің аралас жүйесі - белгілі бір уақыт кезеңі үшін байланысты пайдаланушының төлемдер сомасы:

тұрақты құрамдас бөліктен - абоненттік жолдың түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені және жергілікті жалғанымдардың тарифтеу бірліктерінің белгілі бір көлемі үшін төлемақыдан;

уақытына қарай құрамдас бөліктен - тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымы берілгені үшін төлемақыдан тұратын ақы төлеу жүйесі;

39) қызметтерге уақытына қарай ақы төлеу жүйесі - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы тарифтеу бірлігімен алғандағы нақты ұзақтығына қарай телефон жалғанымының берілгені үшін төлемақыны қамтитын қызметтерге ақы төлеу жүйесі;

39-1) қысқа мәтінді және мультимедиалық хабарлама - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

40) магистральдық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің телекоммуникация желілерінің аймақтық (қалааралық) және (немесе) халықаралық коммутация станцияларын жалғайтын жерүсті (кәбілдік, оның ішінде талшықты-оптикалық, радиорелелік) немесе спутниктік байланыс жолы;

40-2) алып тасталды – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-3) мемлекеттік радиожиілік қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

41) нөмірлеу ресурсы - байланыс желілерінде пайдаланылатын нөмірлер жиынтығы;

42) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі - жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді телекоммуникация желісі;

43) пошта байланысы - пошта және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ пошталық ақша аударымдары;

44) пошта жөнелтілімдері - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, пошта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары;

44-1) президенттік байланыс – Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған арнаулы электр байланысы;

45) радиоәуесқойлық қызмет - тиісті хабарлама жіберген жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өз бетінше үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеулер мақсатына арналған радиобайланыс қызметі;

46) радиобақылау – радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктерді пайдалану тәртібінің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемдеріне арналған нормалардың бұзушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері жол берілетін деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;

47) радиожиілік органдары - жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беруді, бөлектеуді және иелікке беруді, сондай-ақ олардың пайдаланылуына бақылау жасауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар;

48) радиожиілік спектрі - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;

49) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) иелікке берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;

50) радиожиілік спектрінің конверсиясы - радиожиілік спектрін пайдалануды азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдармен кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

51) радиоэлектрондық құрал - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;

52) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
53) тарифтеу бірлігі - Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бірыңғай желісіне кіретін байланыс операторлары мен барлық санаттағы желі иелері үшін міндетті болып табылатын, байланыс қызметтерінің тиісті түрі үшін төлемақы алынатын уақытты, ақпарат санын немесе көлемін өлшеу бірлігі;

54) телекоммуникация желілерінің күзет аймағы - байланыс жолының бойында және байланыс объектілерінің айналасына орналасқан, ондағы өсімдіктерімен және құрылыстарымен қоса алғандағы жер учаскесі;

55) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кабельдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;

56) телекоммуникация желісінің иесі - ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға;

57) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) - электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, таратуға, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар;

58) телекоммуникацияның (байланыс құралдарының) бір желісін екіншісіне жалғау - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттестікті ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру мүмкін болады;

59) телекоммуникация хабарламалары - телекоммуникация құралдарының көмегімен берілетін ақпарат;

60) телефон жалғанымы қызметтеріне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметтерге ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі үшін төлем сомасы абоненттік желінің түріне қарамастан, оның абонентке тұрақты пайдалануға берілгені үшін төлемақыны және жергілікті телефон жалғанымының бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай оның берілгені үшін төлемақыны қамтитын, қызметтерге ақы төлеу жүйесі;

61) трансляция - телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалану арқылы теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;

62) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

63) трафикті өткізу - байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;

64) тікелей сым-өткізгіш - телекоммуникация құралдары арасында тікелей байланысты қамтамасыз ететін жергілікті телекоммуникация желісінің бөлігі болып табылатын физикалық жол;

64-1) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
65) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

65-1) ұйымдастырушылық-техникалық іс-шара – телекоммуникация желілерін ұйымдастыруға, құруға, басқаруға, жетілдіруге және пайдалануға арналған құралдардың, әдістер мен шешімдердің жиынтығы;

66) ұялы байланыс – қызмет көрсетілетін аумақты бірқатар ұяшықтарға бөлуді пайдаланатын, абонент ұяшықтан ұяшыққа өткен кезде байланыстың үзіліссіз болу мүмкіндігін қамтамасыз ететін және радиотолқындар арқылы берілетін екіжақты (көпжақты) ақпарат алмасуға арналған электр байланысының түрі;

67) ұялы байланыс операторы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;

67-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы – осы Заңға сәйкес айқындалатын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны жүргізуді, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және осы ресурстарға қолжетімділікті беретін заңды тұлға;

67-2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры – мынадай:

ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін);

ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары;

ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары пайдаланатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;

67-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;

67-4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды – өндіруші-зауыттың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беретін коды, ол оған осы құрылғыны қосқан кезде ұялы байланыс операторының желісіне беріледі;

67-5) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған тіреуіштер – жерге тереңдетіп көмілген іргетас түріндегі берік байланысы жоқ, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығын орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;

68) үкіметтік байланыс - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс;

69) алып тасталды – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
70) физикалық жол - телекоммуникация хабарламаларын беру үшін бағыттайтын ортаны қалыптастыратын металл сым-өткізгіштер немесе оптикалық талшықтар;

71) халықаралық байланыс жолы - Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтетін немесе Қазақстан Республикасының шекарасында басқа елдің байланыс операторының байланыс жолымен түйісетін нүктесі бар және Қазақстан Республикасы байланыс операторының халықаралық коммутация станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутация станцияларымен жалғайтын байланыс жолы;

72) халықаралық байланыс операторы - халықаралық байланыс жолын, халықаралық коммутация станциясын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

73) халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар мен басқа мемлекеттің аумағындағы байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасындағы телефон жалғанымы;

73-1) халықаралық трафикті өткізу – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясы мен басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станциялары арасында қосылуды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру;

73-2) халықаралық түйісу нүктесі – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен қосуға арналған телекоммуникациялар құралдары;

74) шеткі жабдық - байланыс жолдары бойынша телекоммуникация сигналдарын таратуға немесе қабылдауға арналған, абоненттік жолдарға қосылған және абоненттердің пайдалануындағы не көрсетілген мақсаттарға арналған техникалық құралдар;

75) шифрланған байланыс - қол шифрларын, шифрлау машиналарын, желілік шифрлау аппаратурасын және есептеу техникасының арнаулы құралдарын пайдалана отырып қорғалған байланыс;

76) шифрлау жұмысы - тиісті шифрлау құралдарын пайдалана отырып шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс желілері арқылы берілуге тиіс, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғауға бағытталған, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары жүзеге асыратын құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;

77) электр-байланысы (телекоммуникация) - белгілерді, сигналдарды, дауыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, бейнелерді, дыбыстарды сым-өткізгіш, радио, оптикалық және басқа да электрмагниттік жүйелер бойынша тарату немесе қабылдау;

78) электромагниттік үйлесімділік - техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда белгіленген сапада жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті.

Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться