Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Байланыс туралы
20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер



Ст. 20 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.

2. Уәкілетті орган:

1) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды;

2) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттейді.

Осы тармақта аталған көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

3. Алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтермен тегін жалғанымдар ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Байланыс желілері


Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 20-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567