Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Байланыс туралы
22-2-бап. Арнаулы пошта байланысы қызметі



Ст. 22-2 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



Ескерту. 22-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 499-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Арнаулы пошта байланысы қызметi арнаулы пошта байланысы арналары бойынша арнаулы жөнелтiмдердi жiберген кезде мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ерекше жарғылық міндеттердi орындайды. 

2. Арнаулы пошта байланысы қызметi Қазақстан Республикасы Ұлттық пошта операторының бiрыңғай құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы пошта байланысы қызметiн көрсетедi. 

3. Арнаулы пошта байланысы қызметінің жеке құрамы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес нысанды киiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк қарумен, арнаулы қорғаныс және байланыс құралдарымен қамтамасыз етiледi. 

4. Арнаулы пошта байланысы қызметiн ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ арнаулы пошта байланысы қызметiн көрсету тәртiбi мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды. 

5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы пошта байланысы қызметкерлерi тасымалдайтын арнаулы жөнелтiмдер тексеріп қарауға және кідіртуге жатпайды. 

Ескерту. 3-тарау 22-2-баппен толықтырылды - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 499-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

23-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...22 22-1 22-2 23 24 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-2-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567