Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 28-5 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Байланыс туралы
28-5-бап. Радиобақылауды жүргiзу тәртiбi

1. Азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуын радиобақылау радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық құжаттамасына және рұқсаттарына, өлшемдеріне, сондай-ақ оның жұмыс режимдерiне бақылау-өлшеу аппаратурасының және радиотехникалық бақылау (аспаптық бақылау) құралдарының көмегiмен құжаттық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады және радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізіледі. 

2. Радиожиілік спектрін пайдалану радиобақылау объектісі болып табылады. 

3. Байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер радиобақылау субъектілері болып табылады. 

4. Радиобақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын радиобақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. 

5. Бақылау-өлшеу аппаратурасы және радиотехникалық бақылау құралдары деп метрологиялық тексеруден өткен, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тіркейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсіну керек. 

6. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi радиобақылауды уәкiлеттi органның басшысы не оны алмастыратын адам бекiткен радиобақылаудың жоспар-кестесiне сәйкес жүргiзедi. 

Радиобақылаудың жоспар-кестелерiн аумақтық бөлiмшелер әрбiр тоқсанға жасайды. 

7. Радиобақылау нәтижелері бойынша радиобақылау субъектісінің (объектісінің) әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді. 

8. Ұсыным радиобақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. 

Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 

1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 

2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен; 

3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген радиобақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. 

9. Радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. 

10. Радиобақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 

11. Радиобақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау радиобақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен радиобақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді. 

12. Радиобақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты радиобақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.  

13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар берілген, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғының жұмысында бөгеуiлдер туындаған жағдайда: 

1) бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық өлшемдерiнiң, оның iшiнде қабылдау құрылғыларының таңдау және қорғаныш қасиеттерiнiң нормалар мен стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестiгiне көз жеткiзуi қажет. Егер олар нормаларға сәйкес келмесе, радиоэлектрондық құралдардың иелерi сипаттамаларды нормаларға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қолдануға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыруға тиiс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуiл туындаған кезде, бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi уәкiлеттi органға және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне өтініш жасайды; 

2) уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдердiң көздерiн және сипатын, олардың туындау себептерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою бойынша шаралар қолданады; 

3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың белгiленген өлшемдерiнiң және (немесе) жұмыс режимдерiнiң бұзылуы, қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы және қатар тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың өзара әсер етуiне байланысты интермодуляциялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда, уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдердi жою жөнiнде ұсыным бередi; 

4) берілген жиiлiктердегi бөгеуiлдердi жою мүмкiн болмаған кезде уәкiлеттi орган радиожиiлiктердi жаңадан беруді жүргiзедi; 

5) әдейі жасалмаған, өнеркәсiптiк немесе технологиялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бөгеуiлдер көзiн анықтау және оларды жою бойынша шаралар қолданады. 

14. Шет мемлекеттердiң байланыс әкiмшiлiктерiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуiлдерге наразылықтар келіп түскен кезде, уәкiлеттi орган халықаралық келiсiмге сәйкес осы наразылықтардың құқықтық негiзiн анықтайды, егер наразылықтар негiзді болса, бөгеуiлдердiң себептерiн анықтайды және оларды жою бойынша шаралар қолданады. 

15. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға басқа мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан көздерден бөгеуiл жасалған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағындағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық келiсiмге сәйкес бөгеуiлдердi жою бойынша шаралар қолданады. 

16. Радиобөгеуiлдерді және тиiстi рұқсаттары жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың қолданылуын анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргiзедi. 

Ескерту. 28-5-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...28‑3 28‑4 28‑5 28‑6 28‑7 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться