Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Байланыс туралы
34-бап. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн субсидиялау



Ст. 34 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567



1. Селолық елдi мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындары, егер бұл конкурс нәтижелерiмен немесе телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi осы аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнiң басым байланыс операторына шарт негiзiнде жүктеу талаптарымен айқындалған болса, субсидиялануға тиiс.

Қалаларда телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн көрсететiн байланыс операторларының шығындары субсидиялануға жатпайды.

2. Субсидиялау мөлшерiн айқындау кезiнде әмбебап қызмет көрсету операторы қызмет түрлерi бойынша, көрсетiлетiн байланыс қызметтерi және осы қызметтердi көрсету үшiн пайдаланылатын байланыс желiсiнiң бөлiктерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.

Қызмет түрлерi, көрсетiлетiн байланыс қызметi және осы қызметтердi көрсету үшiн пайдаланылатын байланыс желiсiнiң бөлiктерi бойынша кiрiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, субсидиялау мөлшерi конкурс нәтижелерi немесе басым байланыс операторына әмбебап телекоммуникация қызметтерiн беру жөнiнде мiндеттемелер жүктеу шарттары бойынша айқындалады.

3. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Алынып тасталды - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-бап Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567