Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 106 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
106-бап. Құнды қосу әдісі

1. Осы бапқа сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде тауарлардың есептік құны негіз ретінде қабылданады, ол: 

1) материалдарды дайындау немесе сатып алу жөніндегі шығыстарды және әкелінетін тауарларды өндіруге, сондай-ақ өндіруге байланысты өзге де операцияларға жұмсалатын шығыстарды; 

2) пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін экспорт елінде өндірілетін бағаланатын тауарлардың сол сыныбындағы немесе түріндегі тауарларды сату кезінде әдетте ескерілетін сол шамаға балама сомасын; 

3) осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) – 6) тармақшаларында көрсетілген элементтердің құнын қосу жолымен айқындалады. 

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар тауарларды өндіруші табыс еткен немесе оның атынан табыс етілген және өндірушінің коммерциялық құжатымен расталған, мұндай құжаттар тауарлар өндірілген елде қолданылатын бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей принциптеріне сай келген жағдайда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың өндірісі туралы мәліметтер негізінде айқындалады. 

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шығыстар, егер кедендік мақсат үшін ыдыс әкелінетін тауарлармен біртұтас зат ретінде қаралса, ыдысқа жұмсалған шығыстарды; буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құнын; әкелінетін тауарлар өндірісіне байланысты пайдалану үшін сатып алушы тікелей және жанама берген, осы Кодекстің 102-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әрбір заттың тиісті түрде бөлінген құнын (осы Кодекстің 102-бабы 5-тармағының ережесіне сәйкес – тиісті құрамдас бөліктер бойынша) қамтуға тиіс. Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде орындалған және Кеден одағының кедендік аумағында өндірілген әкелінетін тауарлардың өндірісі үшін қажетті жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп безендіру, дизайн, эскиздер мен сызбалар құны осы заттардың құнын өндіруші төлеген дәрежеде ғана қамтуға тиіс. Бұл ретте шығыстар есеп айырысу құнын айқындау кезінде қайтадан есепке алынбауға тиіс. 

Коммерциялық және басқару шығыстары ретінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмейтін Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін тауарларды өндіру мен сатудың тікелей және жанама шығындары есепке алынуға тиіс. 

4. Пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасы тұтастай есепке алынады және өндіруші табыс еткен немесе оның атынан табыс етілген мәліметтер негізінде айқындалады. Егер бұл мәліметтер кеден органдарының қарамағында бар, Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату кезінде кәдуілгі пайда мен коммерциялық және басқару шығыстары туралы мәліметтермен сәйкес келмесе, кеден органы кәдуілгі пайда мен жалпы шығыстар сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде анықтай алады. 

Егер кеден органы пайда мен коммерциялық және басқару шығыстарының сомасын өзінде бар мәліметтер негізінде анықтаса, кеден органы мұндай деректер көзін, сондай-ақ олардың негізінде жүргізілген есепті жазбаша түрде көрсетуге міндетті. 

5. Осы баптың мақсаты үшін тауарлар әкелінетін елде өндірілген сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сату туралы мәліметтер пайдаланылады. Бағаланатын (әкелінетін) тауарлар және олармен салыстырылатын тауарлар сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлар болып табыла ма деген мәселе тиісті мән-жайлар ескеріле отырып, әрбір нақты жағдайда жеке шешілуге тиіс. Бұл ретте, оларға қатысты ақпарат берілуі мүмкін бағаланатын (әкелінетін) тауарларды қоса алғанда, сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың мүмкін болатын неғұрлым шағын тобын немесе бірқатарын Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сату қарастырылады. 

6. Кеден органдары Кеден одағына мүше мемлекеттердің резиденті болып табылмайтын қандай да бір тұлғадан құжаттарды және оның коммерциялық құжаттарында бар бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың өндірісі және сатылуы туралы мәліметтерді табыс етуін талап етуге құқылы емес. Алайда, осы баптың ережелеріне сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін тауарларды өндіруші берген ақпаратты өндірушінің келісімімен Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары басқа елде тексеруі мүмкін. Шетелдік өндірушілер табыс еткен немесе олардың атынан табыс етілген құжаттар мен мәліметтерді тексеруді кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және жалпыға бірдей қабылданған халықаралық принциптер мен нормаларға сәйкес жүргізеді.

Статья 1 ...104 105 106 107 108 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться