Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР кеден iсi туралы

ҚР кеден iсi туралы
124-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база (салықтық база)



Ст. 124 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV



1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі болып табылады. 

2. Тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай көрінісіндегі физикалық сипаттамасы (саны, тауар тұтынылғанға дейін және бөлшек сауда үшін ұсынылғанға дейін тауардан ажырамайтын, оның алғашқы буып-түюі ескерілген массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) тауарлардың түрлеріне және қолданылатын ставкаларының түрлеріне қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база болып табылады. 

3. Салықтарды есептеуге арналған салықтық база Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.

Статья 1 ...122 123 124 125 126 ...477

Перейти к статье







Добавить комментарий к 124-бап ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV